top of page
Шектыбаева - 5841.jpg

Шектыбаева Айша Мараткызы

Икиманова - 6022.jpg

Икиманова Галия Маукеновна

Ескендирова - 4595.jpg

Ескендирова Багдат Кумаргалиевна

Бектасова Айзат Жанатовна

Рахимбаева - 5748.jpg

Рахимбаева Кымбат Сейтбековна

Серикова.PNG

Серікова Бекзат Серікқызы

Музыкалық аспапта ойнаудың тәрбиелік мәні

Жер бетіндегі халықтардың мұрасы, әні, жыры, ойнау аспабы бар.

Қазақ халқының музыкалық мұрасы өте бай. Халық әндері, жырлары,билері және аспаптық әуендері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, халықпен бірге жасап келеді. Музыканың адам өміріндегі тәрбиелік мәні өте зор. Адам өмірге әнмен келіп әнмен қайтады.

       Жас ұрпақты музыка аспаптарында ойнауға баулу, рухани байлығын дамыту.Қазақ халқы музыкалық аспаптарға өте бай.

       Айталық: домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер және т.б.

       Музыкалық аспаптың бірі – домбыра, қобыз. Күй – қазақтың рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Халық композиторларының күйлері ұлы оқиғаларды, өмір шындығын, айтыс-тартысты, той-думанды, елдің тұрмыс-тіршілігін, салтын, әдет-ғұрпын, табиғатын суреттеген және оларда музыкалық тілдің тереңдігі музыка мәдениетінің асқан шеберлігі байқалады.

Домбыраны ойнап уйрену, музыкалық - эстетикалық тәрбиенің қалыптасып дамуына орасан зор роль атқарады. Ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып қалған күйлер мен әндер жас ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құралы. Нағыз халық үшін жазылған музыкалық шығарма ғана мәңгі өмір сүреді. Мұндай шығарманың тәрбиелік мәні өте зор.  Әрбір оқушы өз халқының мәдениеті мен әдебиетін, өнері мен әдет-ғұрпын біліп өсуі қажет. Күй – қазақтың қанаты. Қазақ десе домбыра, домбыра десе қазақ, ал күй десе қазақта, домбырада еске түседі. Қазақ пен күй бір ұғым. Өйткені күй қазақтың ішкі жан-дүниесінің, арман-мүддесінің, болмсының сыры. Қазақты білгісі келген біреу болса, қазақпен сөйлеспес бұрын, оның күйін тындасын. Қазақты білуге сол да жеткілікті. Қазақ күй өнерін дәл сипаттай білген. Қазақ күйлерінде қазақтың шынайы тазалығы, мінезі, кеңдігі, батылдығы, дарқандығы бар.

Күй – мыңдаған ұлт, ұлыстардың ішінде тек қана қазаққа ғана тән өнер, қасиет, білім және танытқан кезде әнмен жеткізген. Сөзі мен әні дәрменсіздік танытқан кезде әнмен жеткізген, сөзі мен әні дәрменсіздік танытқан кезде, күймен жеткізген.

    Оқушыға музыкалық танымды қалыптастыру және дамыту, яғни көркемдік сананың қалыптасуы. Танымдық процесс арқылы қажетті білім деңгейін меңгеруге болады. Осы негізде тәрбие беру міндеттерінің ауқымы кеңейіп, көркемдік қызығушылық тарихи көзқарасты қалыптастырудың мүмкіндігі туады.

  • Оқушыны домбыраға ойнауға үйрету,дәстүрлі күйшілікке баулу.

  • Күйшілердің өмірі мен шығармалары туралы нақты білім беру, тиянақты таныстыру.

  • Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мурасынан эстетикалық ляззат ала білуге тәрбиелеу.

  • Балалардың шығармашылық белсенділігін ояту, музыкалық қабілетін арттыру.

bottom of page