top of page

№1 балалар музыка мектебі - үнемі дамуға ұмтылысымен ерекшеленетін қосымша білім беру мекемесі.

Барлық жағдайда бәсекеге қабілетті болу. «Заман ағымына ілесу» - бұл жоғары сапалы жұмыс үшін заманауи жағдайда қажет ұран.

Жаңалықтар

Музыкалық білімнің маңыздылығы туралы

музыкаға оқытудың жақсы себептері бар

және осы себептерді

қазіргі заманғы ата-аналар білуі керек

  1. Музыкалық сабақтар ерік пен тәртіптілікке  тәрбиелейді: аспапта үнемі, қыста да жазда да, жұмыс күндері, тіпті мереке күндері чемпиондар жаттығу залында, мұз айдынында жаттығатындай тоқтаусыз жаттығу керек. Бірақ, музыканттардың спорттық кейіпкерлерінен айырмашылығы - рояльда ойнау қаіпсіз.  Қол-аяқ, мойынды сындырмайды. Назар аударыңыз, қатал ата-аналар! Балаңызды жарақаттандырмай тәрбиелеудің керемет мүмкіндігі бар, ол – музыка!

  2. Музыкамен айналысқан баланың математикалық қабілеттері дамиды. Математикалық «Алма, қоспа!» дәлеліндей, музыкалық шығарманы талдай отырып, ол кеңістіктікте ойлай алады, қажетті пернелерді басып, абстрактілі дыбыстық фигуралармен жұмыс жасайды, мәтінді жаттайды. Альберт Эйнштейн айтқандай, скрипка аспабында ойнау математикалық  қабілеттерін дамытады. Оксфордтағы физика профессорлары мен математика профессорлары университеттің музыкалық клубы мүшелерінің 70% құрайды. Болашақ математиктер мен инженерлердің ата-аналар назарына! Репетиторлық таяқшамен қиын мәселелерді шешкеннен гөрі, музыкамен әуестену ана ғұрлым жағымды.

  3. Музыка мен тіл - егіз ұғым. Олар бір-бірімен қатар туылды: алдымен үлкені -музыка, содан кейін - ауызша сөйлеу, ал біздің миымызда олар қатар өмір сүруді жалғастырады. Фразалар мен сөйлемдер, үтірлер мен нүктелер, сұрақтар мен лепті үн музыкада да, сөйлеу мәнерінде де бар. Аспаптық орындаушылар мен әншілер шетелдік сөздерді оңай жаттайды және грамматиканы тез үйренеді, жақсы сөйлейді және жазады. Музыканы сүйетін жазушылар Тургенев пен Стендаль, Борис Пастернак пен Лев Толстой, Жан-Жак Руссо және Ромен Роллан, олардың әрқайсысы бірнеше шетел тілін білетін. Болашақ полиглоттарға музыканы ұсынады. Болашақ журналистер мен аудармашылардың ата-аналарының назарына! Дыбыс Сөзден бұрын пайда болған.

  4. Музыка құрылымды және иерархиялы: үлкен шығармалар кішігірім бөліктерге бөлінеді, олар өз кезегінде шағын фразалар мен мотивтерден тұратын шағын тақырыптар мен фрагменттерге бөлінеді. Музыкалық иерархияны өздігінен түсіну компьютерді түсінуді жеңілдетеді. Психологтардың дәлелдеуінше кішкентай музыканттар, әйгілі Шиничи Сузукидің шәкірттері музыкалық есту мен есте сақтау қабілетін дамытуда үлкен жетістіктерге жетпесе де, құрылымдық ойлау деңгейі бойынша өз құрдастарынан асып түскенін мәлімдейді. Болашақ IT инженерлер мен бағдарламашылар ата-аналарының назарына! Музыка тікелей компьютерлік ғылымның биігіне жетелейді; Microsoft фирмасының музыкалық білімі бар қызметкерлерді артық көруі кездейсоқ емес.

  5. Музыка сабақтары байланысу дағдыларын немесе қазіргі кездегідей, коммуникативті дағдыларды дамытады. Оқу жылдары барысында бала-музыкант асқан және мейірімді Моцартпен, шадыр және атлетикалық Прокофьевпен, ақылды және философиялық Бахпен және басқа да әртүрлі музыкалық тұлғалармен танысады. Аспапта ойнау кезінде оқушы олардың  жан дүниесін түсініп, мінезін, сезім мәнерін, дауысы мен қимылдарын көпшілікке жеткізуі керек. Енді басқарушылық қабілетке бір-ақ қадам қалды. Өйткені, ол үшін ең бастысы - адамдарды түсіну және оның түсінігін пайдалану арқылы оларды басқару. Болашақ бизнес империяларын құрушылардың өр мақсатты ата-аналарының назарына! Музыка жүректен жүрекке жетелейді, ал топ-менеджердің ең қорқынышты қаруы - «жақсы жігіттің» қарусызданған күлкісі.

  6. Музыка сабақтары көп істі бірден жасай алатын кішкентай «Цезарьларды» тәрбиелейді. Музыка бір уақытта бірнеше процестерде жүруге көмектеседі: мысалы, парақтан оқып отырған пианист бірден бірнеше істерді жасайды - оның өткені есінде, болашаққа көз салады және қазіргі уақытқа бақылау жүргізеді. Музыка өз ырғағымен ағады, ал парақтан оқыған адам оның сөзін бөліп, тынығып, дем ала алмайды. Сол сияқты әуе диспетчері, компьютер операторы немесе биржалық брокер бірнеше экранды бақылайды және бір уақытта бірнеше телефонға ақпарат тыңдап, жібереді. Музыка бірнеше бағытта ойлауға және өмір сүруге үйретеді. Көп жұмыс жасайтын және шаршаған ата-аналардың назарына! Сізге қарағанда музыкант-балаға өмірдің бірнеше жолымен жүріп өтіп, барлық жерге бірінші болып келу оңайырақ болады.

Музыка - өмірдегі жетістікке жетудің ең жақсы тәсілі!

bottom of page